• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Маусым, 2021

Вакцина алушыға – сыйлық

279 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау көрсеткіші төмен өңірдің бірі – Атырау облысы. Енді тұрғындар арасында вакцина алу қарқынын арттыру үшін ақшалай сертификаттар ұтысқа қойылатын болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, мұндай ынталандыру тәсілі үш ай бойы жалғасады.

– Өңірде 26 маусымнан бері ­коронавирус инфекциясының тір­келуі жоғарылады. Сол себеп­тен өңір «қызыл аймаққа» өтті. Соң­ғы тәулікте індетті жұқтырудың 66 жағдайы анықталып, реп­ро­дук­тивтік коэффициенті 1,27-ге жетті. Осыған байланыс­ты жағ­дайды тұрақтандыру үшін бас сани­тар дәрігердің қаулы­сы­мен 28 мау­сымда Атырау облы­сында каран­тиндік шектеу ша­ралары күшей­тілді. Ал «Те­ңіз» кен орнындағы карантин мер­зімі ұзартылды, – дейді М.Дос­мұхамбетов. Әкімнің мәліметіне сүйенсек, қазір облыстағы инфекциялық төсектік-орын саны – 2 098. Жүк­теме – 346 науқас немесе 16,5%. Бұл 1 маусымдағы жағ­дай­мен са­лыс­тырғанда 21%-ға тө­мен. Өңір­де 81 реанимациялық тө­сек­тік орын бар. Онда 25 науқас ем­делуде, жүктеме – 31%. Бұған қоса қосымша 750 төсектік орын әзірленді. Оның 57-сі реанима-циялық орынға арнал­ған. Қазір қауіпті вирусты жұқтыр­ған­дар­­дың арасынан 347 науқас амбу­ла­ториялық ем қабылдап жа­тыр. Үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға 26 мобильдік бригада бақылау жасайды.– Өңірге коронавиурсқа қар­сы салынатын вакциналардың 1-компоненті үшін 120 200 дозасы, 2-компоненттің 117 200 дозасы жеткізілді. Вакциналар­дың 1-компонентін 81 861, 2-ком­по­нентін 44 827 адам салдырды. Қазір вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада алдыңғы апта­мен салыстырғанда екпемен қам­тылғандар саны 41%-ға өсіп отыр. Жалпы, екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыста 41 егу каби­неті ашылды. Оның ішінде 31 ста­ционарлық, 10 жылжымалы бекет бар. Демеушілердің қолдауымен алдағы үш айда екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттардың ұтысы ұйымдастырылады, – дейді облыс әкімі. Ал облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының баспасөз қыз­метінен мәлім еткендей, кәсіп­-керлік нысандарының арасынан «Дина» сауда орталығының басшылары ұжымдық иммунитет­ті қалыптастыру үшін вакцина алғандарға сыйлық беру бастамасын ұсыныпты. Аталған сауда орталығындағы вакциналау бекетінде екпе алған әр адамға сыйлық беріледі.– Өйткені пандемияның қау­пі әлі сейілген жоқ. Тіршілік қамы­мен жүретін тұрғындар қауіп­сіздік шараларын сақтауды ескер­меуі мүмкін. Сол себептен біз де ба­зар­да кәсібін жүргізетіндер мен келушілердің ұжымдық им­мунитеті қалыптасқанын қалай­мыз. Вакцина салдыру арқылы ғана коронавирус инфекциясы­ның таралуын тоқтата аламыз. Күзге қарай вакцина алғандардың арасында тұрмыстық техникалар­дың ұтыс ойынын өткізуді жос­парлап отырмыз, – дейді «Дина» сауда орталығының әкімшісі Баян Райымқұлқызы.Тұрғындарды вакцина алуға ынталандыратын бастамаға өзге сауда орталықтарының иелері де қол­дау білдіріп отыр. Соның бірі – «Тамаша» сауда орталығы. Бұл сау­да орталығында вакцина ал­ғандарға лотерея билеті бе­ріліп, тір­кеуден өткізеді. Лоте­рея­­ның қоры­тындысы 15 тамыз­да шы­ғарылып, жеңімпаз Гру­зия еліне туристік жолдаманы иеленеді.

Атырау облысы