• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Маусым, 2021

Теміртауда жасөспірім жасанды су қоймасына батып кетті

581 рет
көрсетілді

Теміртау қаласы маңындағы жасанды су қоймаларының біріне 14 жастағы бала батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар шақырылғаннан кейін бір сағат өткен соң ер баланың денесі судан шығарылды.

Қайғылы оқиға Теміртау қаласының Ақтау кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім досымен бірге шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасына түскен.

«29 маусым күні кешке Теміртау қаласының жасанды су қоймасында сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Сағат 19:02-де хабарлама келіп түсті, сағат 20:07-де баланың денесі табылып, судан шығарылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.