• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Маусым, 2021

Мигранттар отырған қайық Италия жағалауында суға батып кетті

270 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні таңертең Италияның оңтүстігіндегі Лампедуза аралының жағалауында заңсыз мигранттар отырған қайық суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ANSA агенттігінің хабарлауынша, қайықта Африка елдерінен адамдар болған.

Қайғылы оқиға Италия аралынан 5 миль қашықта орын алды. 

Құтқарушылар 48 адамды құтқарып үлгерді, тоғызы із-түзсіз жоғалып кетті. Жеті адамның денесі судан шығарылды. 

Айта кетейік, соңғы айларда Африканың солтүстігінен Лампедуза жағалауына 660 заңсыз мигрант келген.