• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2021

Биыл 17 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр

241 рет
көрсетілді

2020 жылдың нәтижесі бойынша 85,7 млн тонна мұнай мен конденсат өнімдері өндірілді. Оның ішінде 68,6 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2020 жылы індеттің таралуына және әлемдегі, еліміздегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі салдарынан жылдық жоспарлар түзетілді. Былтыр мұнай және конденсат өндіру жоспары 90 млн тонна болса, кейіннен ол қайта нақтыланды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады. Қолданыстағы шектеулерді ескеріп, өндіру бойынша 2021 жылға арналған болжам 85,3 млн тонна көлемінде жасалды. Сонымен қатар өткен жылы мұнай өңдеу көлемі 15,8 млн тоннаны құрап, 11,5 млн тонна мұнай өнімі алынды. Экспортқа 67,5 млн тонна мұнай өнімдері шығарылды»,  деді ведомство басшысы.  

2021 жылы 17 млн тонна мұнай өңдеп, 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін алу көзделген.