• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2021

Қазақстанда мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

325 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін әзірледі. Пилоттық жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп биыл іске қосылмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл ақпараттық жүйенің мәні – мұнай ұңғыдан шыққаннан кейін мұнай өндіру компаниясына дайындап, тасымалдау компаниясында және мұнай өндіру зауыттарындағы балансты сақтау. Яғни, мұнай өңдегеннен бастап, қазіргі мұнай өңдеу зауытына дейінгі тізбек қамтамасыз етіледі. Болашақта әр мұнай құю станциясына дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Шараға 7 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қатысуда»,  деді Н. Ноғаев. 

Оның айтуынша, бұл өндірілген мұнай балансының ашықтығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.