• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Алматыда «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады

188 рет
көрсетілді

Алматыда коронавиурстың «дельта» штамының үлесі 78%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен тәулікте Алматыда 46 сынамада мутацияға ұшыраған штамдар бар-жоғы зерттелді. Оның 36-сында «дельта» штамы анықталды. Осылайша, үнді штамының үлес салмағы 78,3 пайызды, сегіз үлгіде «альфа» (ұлыбританиялық) штамы 17,4 пайызды құрайды. Яғни, қоздырғыштар ауысып жатыр», делінген әкімдік тартқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 131 үлгі зерттеліп, олардың 77-сінен ұлыбританиялық штамм, ал 46-сынан үнді штамы анықталған болатын.