• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 01 Шілде, 2021

Еларалық байланыстың ерек үлгісі

230 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бұрыннан мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі екенін атап өтті.– Біздің байланысымыздың тарихы, яғни Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін, – деді Елбасы.Нұрсұлтан Назарбаев Ре­сей Пре­­­зидентіне пандемия кезін­де Қа­зақ­станға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашы­лығын білдіріп, Қара­ғанды фарма­цев­тикалық зауытын­да ресейлік вакцина шығару ая­сын­дағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталды.Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан, екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті. – Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қаты­настың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді, – деді Владимир Путин.