• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2021

Талдықорғанда есірткі қабылдаған жүргізуші ұсталды

417 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында есірткі қолданып көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 маусым күні сағат 16:30-да өз бағыты бойынша келе жатқан патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісін назарға алған. Көлікті басқарған 32 жастағы Талдықорған тұрғынының құжаттарын тексеру кезінде оның есірткі қабылдаған күйінде болғаны белгілі болды. Мұны медициналық тексеру де растады.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты айыпталушыны ҚР ӘҚБтК 608 бабына сәйкес 15 тәулікке қамап, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.