• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Шілде, 2021

Жас қазақстандықтар 2035 жылға қарай «Цифрлық номадтарға» айналады

280 рет
көрсетілді

Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты жүргізген форсайт-зерттеу барысында сессия қатысушылары 2035 жылы жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастырды, деп жазады Egemen.kz.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР АҚДМ қолдауымен қатысушыларға Болашаққа қатысты болжам жасауға мүмкіндік беретін Rapid Foresight әдіснамасы негізінде форсайттық зерттеулер ұйымдастырды. Өткізілген форсайт-сессияларға ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қатысты.

Сессияның бірі болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға арналды. Сессия қатысушыларының пікірінше, жас қазақстандықтың бейнесі «цифрлық номад» анықтамасында көрініс тапқан. Осылайша, цифрлық номад икемділік пен өзін өзгертуге дайындық, әлемге кірігу және өсудің жеке бағдарламасына ие болу, жаһандық ойлау, барлық салаларда «санды» пайдалану және денсаулыққа маңызды капитал ретінде қарау сынды бірқатар маңызды құзыреттерге ие.

«Жаһандану процестері кәсіби және жеке құзыреттерге жаңа сұраныстар жасайды. Қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру отбасы, білім және қоғам салаларында жүретініне күмән жоқ. 2035 жылға қарай олардың түбегейлі өзгеруі бек мүмкін», делінген форсайт-сессиясының зерттеуінде.

Сессия нәтижелеріне сәйкес, отбасы мектеп және ЖОО жүйелері нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты тәрбие әдістері мен білім беру бағдарламаларын таңдау мәселесіне саналы түрде қарайтын болады. Көптеген отбасылар, мүмкін болса, үйде оқытуды жөн көреді.

Өз кезегінде, білім беру цифрға негізделетін болады.

«Мектеп жеке траекториялар мен оқу бағдарламаларын құра отырып, жеке тұлғаға бағдарланады. Жастар жоғары білімнің толық циклін емес, нақты құзыреттерді алуға бағытталған. Сертификаттау және қысқа мерзімді курстар бағдарламалары сұранысқа ие болады. Өмір бойы адам өз білімін жаңартуға немесе қайта оқуға мәжбүр болады»,  делінген зерттеуде.

Форсайт-сессияға қатысушылардың пікірінше, жас қазақстандықтар сайлау және қоғамдық бақылау есебінен цифрлық үкімет арқылы саяси үдерістерге тартылады.

Сонымен қатар орналасу енді өмірлік ресурстарға қол жеткізуге әсер етпейді.