• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2021

Шымкентте карантин режимі ұзартылды

543 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің карантин режимінің мерзімін ұзарту туралы жаңа қаулысы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», деп жазылған құжатта.

Қаулы талаптары бойынша Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа да кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маска режимін сақтау міндеттеледі. 

Қаулы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.