• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 02 Шілде, 2021

Қызылжар қонысындағы қазына

414 рет
көрсетілді

Облыс орталығының іргесіндегі Қызылжар қонысында Ботай мәдениетіне қатысты археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.

Облыс әкімдігінің қол­дауымен қолға алынған экс­пе­дициялық қазба жұ­мыс­тарына облыстық тари­хи-өл­кетану музейінің және об­лыстық білім басқа­рмасы жа­нындағы туризм, өлке­тану және экология орталығының ғы­лыми қызмет­керлері, бел­гілі ғалым­дар, Зеренді, Жақ­сы және Атбасар аудандарынан келген студенттер мен оқу­шылар қатысуда.

2021 жылдың 15 маусы­мында басталған археоло­гия­лық қазба жұмыстары тарих ғылымдарының док-

­торы, про­фессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Осы өл­кеде Ботай мәдениетіне жа­татын ежелгі қоныстың бары сонау 1990 жылдары белгілі болыпты. 2000 жыл­дардың басында Қа­зақстан мен АҚШ-тың ға­лымдары экспедициялық зерттеу жүр­гізген. Онда тарихи ес­керткіштің өлшемдері бел­гіленген. Қазба жұ­мыс­та­рының ауқымы 38 шаршы метрді құрайды. Ғалым­дар­дың алғашқы болжамына қарағанда, елуге жуық шұңқырлар көне замандағы тұрғын үйлердің орны болуы мүмкін.

– Қазу барысында то­пы­рақтың алғашқы қабат­та­ры­нан микролиттер, қыр­ғыштар, сәл тереңірек қаза бас­таға­нымызда, остео­ло­гия­лық материалдар, негі­зінен жылқы сүйектері та­был­ды. Сондай-ақ материал­дар­дың арасында тері илей­­­тін қырғыштар, қыш ыдыс­­тардың сынықтары, же­­­белер мен найзалардың ұш­­­тары, тасбалталардың сын­ған бөліктері, қайрақтар кез­десуде. Бурабай мен Зе­рен­ді аудандарында да бо­тай­лықтардың қорымдары та­был­ғаны белгілі, Біржан сал ауданында да осындай мәдениет анықталып отыр, – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғы­лыми қызметкері, экспе­дицияның ғылыми жетекшісі Жасұлан Үкеев.

Ежелгі дәуірден сыр шер­тетін тарихи мұраны зерт­теуге бағытталған жобаға об­лыс бюджетінен 4 миллион теңге қаржы бөлініпті. Экс­­педиция 1,5-2 ай ішінде аяқталады деп көзделуде. Қазба жұмыстары қолға алынғалы алаңнан 50-ге тарта артефакті табылған. Олар­ды ғылыми зерттеу үшін Ал­­маты және Қара­ған­ды қа­ла­ларындағы зерт­хана­лар­ға жолдамақ. Ал ДНК тал­­дауларын анықтау үшін Шве­­цияның Уппсала қала­сын­­дағы зертханамен келісім жасалған.

 

Көкшетау