• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2021

Алматыдан 400 шақырым қашықтықта екі мәрте жер сілкінді

341 рет
көрсетілді

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 6 сағат 28 минут 56 секундта (Гринвич бойынша 00 сағ 28 мин 56 сек) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 10,3.

MPV магнитудасы – 4,2.

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 42.20° с.е. 81.09° ш.б.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 7 сағат 15 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 11,8.

MPV магнитудасы – 4,3.

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 43.21° с.е. 81.56° ш.б.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Кетмен ауылында 2 балл.