• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2021

Елде азық-түлік тапшылығы жоқ – АШМ

303 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердегі азық-түлік жағдайына байланысты  апталық маниторингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердегі негізгі азық-түлік жағдайына апта сайын мониторинг жүргізіп отыр. Онда тұрғындардың 32 түрлі тауармен қамтамасыз етілуі назарға алынған. Ол үшін тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қор ескеріледі.

Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна қор бар. Сонымен қатар 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

«Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған. Айта кетер жәйт, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді», делінген министрлік хабарламасында.