• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Шілде, 2021

Астана халықаралық биржасы AIX QAZAQ INDEX іске қосады

344 рет
көрсетілді

Астана халықаралық биржасы Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейтін AIX Qazaq Index іске қосылатыны туралы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іске қосылатын индекс сегіз қазақстандық компанияның AIX-те, Қазақстан қор биржасында және Лондон қор биржасында саудаланатын акциялар мен жаһандық депозиттік қолхаттардан тұрады. Бұл компаниялардың қатарына Қазақстанда тіркелген компаниялар мен қызметтен түскен кірісі ішінара немесе толық Қазақстанда генерирленетін және операциялық қызметінің елеулі бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылатын кәсіпорындар кіреді. AIXQI 1000 балл бастапқы мәнімен 1 шілдеде іске қосылды. Ол өз әдістемесі бойынша есептелініп, көпшілікке те қол жетімді. Ал арнайы құрылған Индекс комитеті оның басқарылуын бақылауды жүзеге асырады. Индексті «Halyk Finance» АҚ AIX тапсырысы бойынша әзірледі.

«AIXQI индексі анағұрлым өтімді акциялар нарығындағы ауытқуларды дәл қадағалау үшін және оны жергілікті және сыртқы нарықтарда инвестициялық қаржылық өнімдер құру кезінде бенчмарк ретінде пайдалану үшін әзірленді. Бұл шетелдік инвесторларға да, сонымен қатар қазақстандық инвесторларға да нарықтың жалпы жағдайын көрсететін сенімді «барометр» ретінде қызмет етіп және жаңа инвестициялық шешімдер жасауға арналған алаң болады деп сенеміз», деп AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектуров мәлімдеді.

Индекс үшін негізгі валюта ретінде теңге пайдаланылады. Индекстің көрсеткіштері, оның құрамдастары мен салмақтық коэффициенттері туралы мәліметтер күніне бір рет AIX веб-сайтындағы арнайы бөлімде жарияланатын болады.

«Halyk Finance 2018 жылдан бастап AIX-пен түрлі бағыттарда ынтымақтасады. Жаңа индексті құру - біздің ынтымақтастықтың тағы бір нәтижесі, ол қазақстандық бағалы қағаздар нарығының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қызмет етеді. Біз инвестициялық менеджер ретінде, осы индексті іске қосу, біздің нарықта жаңа инвестициялық жобаларын дамытуға қосымша жағдайлар туғызатындығына және қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына капитал ағынын арттыратынына сенімдіміз», деп атап өтті «Halyk Finance» басқармасының төрағасы Фархад Охонов.