• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2021

Жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді

166 рет
көрсетілді

Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өртенген цистерна жалыны толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1 - Аршалы кентінен.

«Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19.21-де оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.