«Тур де Франс» велододасының жетінші кезеңі аяқталды. Аталған айналым қорытындысы бойынша Алексей Луценко алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жетінші кезеңде қатысушылар 249,1 шақырымды артта қалдырды. Бұл кезеңде Матей Мохорич (Bahrain Victorious) топ жарды, екінші орында Яспер Стейвен (Trek-Segafredo), үшінші сатыда Магнус Корт Нильсен (EF Education - Nippo).
Луценко 24-ші сатыда. Ол жалпы есепте бесінші орыннан сегізінші сатыға сырғыды.
Жалпы есепте Alpecin-Fenix командасының өкілі Матье ван дер Пул көш бастап тұр.