• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2014

Ақ алғысымыз сізге, доктор Пя!

410 рет
көрсетілді

Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Владимирович Пя жетекшілік ететін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – еліміздегі заманауи емдеу мекемелерінің бірі. Германия, Италия, Бельгия, Франция, АҚШ, Түркия, т.б. елдердің жетекші клиникаларымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқан клиника ашылғалы мұнда жүрекке мыңдаған оталар жасалып, екі сырқаттың жүрегі ауыстырылды. Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған лебіздер осы орталықтың қызметіне деген ел ризашылығы екені даусыз.

 

Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Владимирович Пя жетекшілік ететін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – еліміздегі заманауи емдеу мекемелерінің бірі. Германия, Италия, Бельгия, Франция, АҚШ, Түркия, т.б. елдердің жетекші клиникаларымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқан клиника ашылғалы мұнда жүрекке мыңдаған оталар жасалып, екі сырқаттың жүрегі ауыстырылды. Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған лебіздер осы орталықтың қызметіне деген ел ризашылығы екені даусыз.

 

Қымбатты Юрий Владимирович!

Сізге ұлым Еркінбек Шаяхметұлының жүрегіне ота жасап, жанын аман алып қалғаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіз талайлардың өміріне арашашы боп жүрген жансыз. Еңбегіңіз жана берсін.

Бәрі де қолында ғой Жаратқанның,

Дәрігер, шипалы екен алақаның.

Алдымен Аллам қолдап, өзің болып,

Қайта өмірге келгендей балапаным.

Керегі дәрігерге төзім-ерік.

Жасадың құлыныма көзсіз ерлік.

Қолымнан келетіні өзіңе арнап,

Сыйладым аз да болса өлең өріп.

Төлеухан АБЫЛҚАСЫМҚЫЗЫ.

 

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пяға қазан айының 24-інде оң және сол жақ қарыншаны имплантациялау бойынша өткізілген ота үшін алғыс айтамыз. Сіздің отандық медицинаға сіңіріп жатқан өлшеусіз еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз бен шеберлігіңіз бір бөлек, жаныңыздан төгілген шуақтың өзі науқастың айығуына үлкен сеп болады деп есептейміз. Осында болған күндерде біз сіздің және өзіңіз басқарып отырған ұжымның тек жақсы қырларына ғана куә болдық. Әрқашан да еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Қазақстанның «Еңбек Ері» атағын алуыңыз да сол жемісті еңбектің нәтижесі деп ойлаймыз. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Өзіңізге және туыстарыңыз бен жақындарыңызға ұзақ ғұмыр тілейміз!

Александр ОНОПРИЕНКО,

Любовь ОНОПРИЕНКО.

 

Қымбатты Юрий Владимирович!

Ұлым Мандаев Қайратқа көр­сеткен көмегіңіз үшін отба­сымның атынан алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Ұлым мамырдың 12-сінде санитарлық авиация көмегімен Ақтөбе қала­сынан Астанадағы сіз басқаратын орталыққа ауыр жағдайда жеткі­зілген болатын. Оны ажалдан арашалап қалу үшін үлкен еңбек жасадыңыз. Сіз тек менің бала­ма ғана емес, қолыңыз тиген науқастардың барлығына да жақсылық жасап келесіз. Әрқашан да табысты болыңыз!

Амангелді МАНДАЕВ,

Ақтөбе қаласының тұрғыны.

 

Жұбайым Әділжан Бай­менге жасалған ота­ның сәтті өткені үшін орталықтың бүкіл ұжы­мына отбасымның атынан алғыс айтамын. Ор­талықтағы бар­лық ауру жандар жазылып шық­сын деп тілеймін. Адам­дар күндерін ауруханада төсекке таңылып емес, өздеріне қымбат жандардың қасында өт­­кізсін. Сол үшін отба­сылық береке мен тыныш­тық, махаббат пен мейірім әрбірімізге де жолдас болсын. Ал сіздердің жұмыс­тарыңыз алға баса бер­сін! Елдің алғысын ала бері­ңіздер!

Байменовтер отбасы.

Біз Қазақстанда осындай орталықтың болғаны үшін қуанамыз. Осындай орталықта сіз секілді адамның және айналаңызда кілең талантты да талапты, білікті жастардың жүргені қандай ғанибет. Сіз әр науқастың кеудесіне үміт отын тұтатып, көптеген адамдарға өмір сыйлап жүрсіз. Сол үшін сізге алғысымды айтамын. Елімізде әрқашан тыныштық болсын.

Мизам МҰХАМБЕТОВ,

Қостанай облысының тұрғыны, зейнеткер.

 

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында емделіп шықтым. Орталық қызметкерлерінің жұмысына көңілім толды. Мекеменің жұмысы бұдан да өсіп өркендей берсін. Юрий Владимирович бастаған барлық ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын. Еңбектеріне сәттілік пен табыс тілеймін. Жеке өмірлері бақытқа толы болсын!

Нұргелді ЖЕКСЕМБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар