• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

650 рет
көрсетілді

Оралда тұңғыш рет жабық мұз айдыны сарайында жастар мен ересектер арасында мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты мәреге жетті. Ванкувердегі қысқы Олим­пиа­дада ел намысын қорғаған Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев бірін­шілікке келе алмаса да, халық­аралық сындарда әжептәуір тәжірибе жинақтаған алматылық спорт шебері Кристина Прилепко өнер көрсетті. Ол тағы бір алматылық Әділ Жарболовпен бірге ересектер арасында чемпион атанды. Жалпы, бұл чемпионатта алма­тылықтар мен қараған­дылықтардың мерейі үстем болды. Ересектер арасында спорт шебер­лігіне үміткерлерден алматылықтар Алина Янтучина мен Темірлан Ержанов озса, 1 разряд бойынша ал­матылық Айза Иманбек пен қарағандылық Кирилл Вовк алда болды. Жастар арасында сондай-ақ алматылықтар Глазман Регина, Ирина Воржева, Елизавета Те­биева, қарағандылық Мэлс Ха­ки­мовтың бағы жанды. Орал­ды­қ­тардан Милена Гадельшина мен Илья Скрипко қола жүлдені еншіледі. Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.