• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 03 Шілде, 2021

Қызылордада 40 ауылдық округтің әкімі сайланады

387 рет
көрсетілді

Биыл  аймақта 40 ауылдық  округтің  әкімін ауыл тұрғындары сайлайды. Сайлау үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде  карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы  Ғалым Баймырзаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазір өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ы мемлекеттік қызмет заңнамасының біліктілік талаптарына сай деп танылды. Кандидаттардың екеуі - әйел, қалғаны - ер адам. Ең жас кандидат 28 жаста. Саяси партиялардан кандидаттар әзірге ұсынылған жоқ»,  деді Ғалым Қонақбайұлы.

Сайлау қорытындысы үш күн ішінде қорытындысы  шығарылады. Жеті күн ішінде аумақтық комиссия сайланған әкімді тіркеп, кейін ол өз өкілеттігін бастайды. Өкілеттік мерзімі - 4 жыл.

Айта кетейік, аумақтық комиссияның күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттарды ұсыну 9 шілдеде сағат 18:00-де, ал тіркеу 14 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады.