• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 03 Шілде, 2021

Көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

544 рет
көрсетілді

Таразда Елорда күнін мерекелеу қарсаңында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 адамға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қоныс иелерінің қатарына көпбалалы және аз қамтылған отбасылар кірді.

Отбасыларға пәтер кілттерін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде табыс етті.

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тұрғын үй алу кезегінде 30 мыңнан астам жамбылдықтар  тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылар, қажеттіліктері шектеулі адамдар пәтер алады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін біз жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін де пайдаланамыз. Сондықтан, мүмкіндігінше көп тұрғын үй салуға ниеттіміз. «Асарлатып үй салу» жобасы өз жемісін беруде. Өткен жылы 99 отбасы ауылдастары тұрғызған үйлерді сыйға алды. Биыл 134 үйдің құрылысы басталды. Өңірде «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» бағдарламалары іске асырылуда», деді облыс әкімі.

Бірінші топтағы мүгедек, көп балалы ана Сағатқұл Кенжебекова бұл күнді 14 жыл күтті.

«Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін ең маңызды күн болды. Балаларға жаңа аудан өте ұнады. Мұндай сәттерде сіз мемлекеттің нақты қамқорлығын сезінеміз», деді Сағатқұл Кенжебекова.

Айта кетсек, Жамбыл облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес өмір сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 4482 пәтерлік 76 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2902 пәтерлік 50 тұрғын үй пайдалануға берілмек.