Күріш егістігін өңдеу жұмыстарымен айналысып жүрген АН-2 ұшағы Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
«4 шілдеде сағат 07:00-де Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне құлаған. Ұшақ бортында 1954 және 1967 жылдары туған екі пилот болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ «Илиса» ЖШС-не тиесілі», делінген хабарламада.