С-130 әскери ұшағы жексенбіде Филиппиннің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бортта әскери академияны жақында бітірген және кезекшілік пунктіне бет алған жас офицерлер болған.
Азия елдерінің қорғаныс министрлігі борттағы 85 адамның 29-ы қайтыс болғанын растады.
Ұшақ Патикул ауылының маңында құлаған.
Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық адам құтқарылғанын хабарлады.
Іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда.