• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2021

Әскери оқу орындарына талапкер қабылдау 11 шілдеде басталады

372 рет
көрсетілді

Еліміздің әскери оқу орындарына талапкер қабылдау 11 шілдеде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Әсет Аққозынов ведомствоның кезекті брифингісінде айтты.

«Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау 27 шілдеден 11 тамызға дейін жалғасады. Былтыр карантин шектеулеріне байланысты Қазақстан азаматтарын жоғары әскери оқу орындарына қашықтан қабылдаған едік. Биыл қалыпты форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ оның бәрі аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты», дейді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол әскери мамандық игергісі келетін талапкерлерге қойылатын жас шектеулері туралы да мәлімет берді.

«Жоғары әскери оқу орындарына түсетін талапкер 17 жасқа толған 22-ден аспаған адам болуы керек. Ал әскери борышын өтеген және өтеп жүрген талапкер болса, оның жасы 24-тен аспауы керек. Келісімшарт бойынша істеп жүрген әскери қызметші білімін жетілдіргісі келсе, жасы 25-тен аспауы міндет», деді Аққозынов.