• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2014

Бангладештегі парламенттік сайлауда билік басындағы партия жеңіске жетті

365 рет
көрсетілді

Кеше Бангладеш мемлекетінде өткен парламенттік сайлауда премьер-министр Шейх Хасина басқаратын Халықтық лига жеңіске жетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Желтоқсан айында оппозиция тарапындағы Бангладеш ұлтшылдық партиясы мен Ұлттық партия сайлауға қатысудан бас тартқан болатын. БҰП төрағасы Бегум Халеда Зия уақытша үкіметтен сайлаудағы бақылауды қалпына келтіруді талап етті.

«Times of India» газеті жазғандай, алдын-ала қорытындылар бойынша, билік басындағы Халықтық лига 174 сайлау округінің 95-інде жоғары дауыс жинаған. Ал 13 сайлау округінде топ жарған Ұлттық партия өкілі екінші көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кететін жайт, Бангладештегі парламенттік сайлауда үлкен тәртіпсіздіктер орын алды. Ереуілшілер сайлау учаскелерін өртеп, ондағы бюллетеньдерді алып кеткен. Мұндағы тәртіпсіздіктерден 17 адам қаза болған екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар