• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Шілде, 2021

Қазақстанға БҰҰ-ның делегациясы келді

255 рет
көрсетілді

7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Бүгін Қазақстан елордасына БҰҰ делегациясы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанға БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен жетті. Ол бұған дейін алдағы кездесуге қатысатынын қуаттаған болатын.

7-8 шілдеде өтетін «Астана форматындағы «Сирия бойынша келіссөздерге Сирия Араб Республикасы атынан Сыртқы істер министрлігінің басшысы, ал қарулы оппозициядан Ахмад Тома қатысады.