• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Шілде, 2021

EURO-2020: Италия құрамасы финалға шықты

343 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына Италия құрамасы алғашқы жолдаманы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лондонның «Уэмбли» стадионында өткен жартылай финалда Италиялық команда Испания құрамасымен кездесіп, пенальтиден 2:1 есебімен жеңді. 

Испания бірнеше рет есепті теңестіруге талпынды. Осылайша 80-минутта шабуылшы Альваро Морате гол соқты.

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған. Ойын экстра-таймға өтті, онда командалар доп соға алмады. Ақырында жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда Италия футболшылары басым болды.

Енді бүгін, 7 шілдеде жартылай финалда Англия мен Дания құрамалары шеберлік байқасады.

Финал 11 шілдеде Англияның Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізіледі.