Құтқарушылар Камчаткада Ан-26 ұшақ апаты кезінде қаза болғандардың денелерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дәл қазіргі уақытта қайтыс болғандардың денесі судан шығарылып жатыр. Олардың саны бойынша жағдай жылдам өзгеріп жатыр. Алдын ала пікір білдіру қиын», деді аймақ басшысы Владимир Солодов.
Солодов оқиға орнында сот-медициналық сарапшылары жұмыс істеп жатқандығын қосып өтті.
«Олар шешімдерді процедураларға байланысты қабылдайды. Ауа райы мүмкіндік берсе, оқиға орнына Петропавлдан Тергеу комитеті тергеу басқармасының сот-медициналық сараптамасы ұшып шығады. Мүрделерді тасымалдау бойынша жұмысты толық көлемде ұйымдастырамыз: қажеттілік туындаса, мүрделерді Петропавл немесе Паланаға жеткізу қолға алынады», деді Солодов.
Еске сала кетейік, 6 шілде күні Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.