Қайғылы оқиға Жангелдин ауданында Қоңыраулы өзенінің бойындағы рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 маусым күні 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті.
1 шілдеде сағат 06:00-де ТЖМ жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері іздеуге кірісіп, 06.30-да оның денесі судан табылып, шығарылған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Осындай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға балаларымен сөйлесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес береміз.
Сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз: тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылуға болмайды, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, бөренелер мен тақталарда жүзуге тырыспаңыз», деді ТЖМ баспасөз қызметі.