• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Шілде, 2021

Хакерлер Қазақстанға жиі шабуылдай бастады

687 рет
көрсетілді

Алғашқы жарты жылдықта елімізде тіркелген хакерлік шабуыл саны 13,9 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20,1%-ға жоғары. Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ranking.kz сарапшыларының жазуынша, аталған құқықбұзушылықтың жартысынан көбі ботнет арқылы жасалған. Ботнет – қауіпті компьютерлік бағдарлама орнатылған компьютерлер желісі. Хакерлер осы арқылы басқа құрылғыларды қашықтан басқара алады. Дегенмен, дәл осы ботнет көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеген. 2019 жылы ол 82,7% болған еді. 

Ал вирусы бар бағдарлама орнату саны 3,1 есе өскені байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, 13,9 мың хакерлік шабуыл - осы уақытқа дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш.