• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Шілде, 2021

Қазақстанда доллар қымбаттады

1048 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 3 шілде кешімен салыстырғанда 2, 60 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 427, 76 теңге болды. Ұлттық банктің 7 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 424, 99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,67 теңгеден сатылса, сатып алу - 429, 22 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427, 34 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 428, 52 теңге.