• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Сырдариядан 31 жастағы азаматтың денесі табылды

800 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында құтқарушылар бүгін 31 жастағы азаматтың денесін Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген жерінен тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1990 жылғы азамат екі күндей бұрын дарияның «Мерей» шағын ауданы аумағында белгіленбеген жерде суға батып кеткен. Құтқарушылар дарияда екі күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде азаматтың денесі бүгін, 7 шілдеде сағат 5.30-да оқиға орнынан 1 шақырымдай қашықтықта су бетінде қалқып жүрген жерінен табылды.

Тағы бір оқиға, 6 шілдеде «Домостроитель» саяжайының аумағында болған. Сол аумақта 1955 жылғы азамат 12.35-те суға батып кеткен. Құтқарушылар көмегімен 66 жастағы азаматтың денесі сағат 13.13-те судан шығарылды.

«Қазір өңірде аптап ыстық байқалып тұр. Сондықтан тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.