• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:45

9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәліметінше, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады. 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым – 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.

ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17-18 маусым аралығында өтеді.

«Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі», делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілгені туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар