• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Алматыда ер адам бассейнде жүрген қыздарға тиіскен

1719 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы демалыс базасында ер адам бассейнде шомылып жүрген жасөспірім қыздарға тиісті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаның видеосы taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Автордың айтуынша, ер адам бассейндегі қыз-қырқынға қырғидай тиген. Басқа да демалушылар ер адамның мас болғанын және 14 - 16 жастағы басқа да қыздарға тиіспек болғанын атап өтті.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 5 шілдеде бір әйел полицияға ер адамның өзінің 16 жасар қызына шомылып жүргенде тиіспек болды деп арызданған.

«Күдікті анықталды. Бұл Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы, 1-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер).бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.