• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Шілде, 2021

Елордада қосымша екі стационар ашылды

337 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі қосымша стационар жұқпалы аурулар ауруханасына бейімделді. Қалалық психикалық денсаулық орталығының 230 төсегі мен ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінің 90 төсегі , деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі стационарда да реанимациялық төсектер бар. Олар коронавирустық инфекцияны емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

«Аурудың орташа және ауыр ағымы бар науқастарды сол жағалаудағы психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына, сондай-ақ әскери госпитальға жатқызамыз», деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, психикалық денсаулық орталығының емделушілері басқа корпусқа ауыстырылады.

Өткен жылы психикалық денсаулық орталығы мен Бас әскери клиникалық аурухана жұқпалы аурулар ауруханаларын ашқан еді. Аурудың қарқыны төмендегені байқалып, 2020 жылдың тамызында олар уақытша жабылды.

«Еліміздегі коронвирусқа шалдыққан науқастардың өсуі маусым-шілде айларына келеді. Өткен жазды еске түсіретін болсақ, аурудың шыңы дәл осы айлар болды. Халықты барынша үйде ұстау қиын. Адамдар қоғамдық орындарға барып, санитарлық талаптарды сақтамайды», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 1877 науқас инфекциялық стационарларда жатыр, төсек-орын жүктемесі 77%-ды құрайды. Жансақтау бөлімінде 147 адам, ӨЖЖ-де 30 науқас жатыр.

«Коронавируспен күресте жалғыз тиімді әдіс - вакцинкация. Ол өзіміздің де, жақындарымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығын да қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді», деп айтты Тимур Мұратов.