• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2021

Алматы облысының жүргізушілері 600 шақырым жолға 15 мың теңге төлеуге мәжбүр

425 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Алматы-Жаркент» ақылы жолымен жүріп өту 15 мың теңге. Жүк көлігінің жүргізушілері әлеуметтік желіге осындай видео жүктеді. Мәселеге қатысты «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаркентке барып қайту 15 мың теңге. Ертең жаяу жүреміз. Жүк көлігімен ары 300 бері 300 шақырым жүру үшін 15 мың теңге төлеу керек. Енді не істемек керек?», деді жүк көлігінің жүргізушісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметінде бұл жағдай 3 шілдеде тіркелгенін растады.

«Жүргізуші Алматы-Қорғас ақылы жолына Байсерке маңынан 300 теңге төлеп кірген. 4 шілде күні жүк көлігі Алматыдан Жаркентке дейін жүріп өткен. Бір бағыттағы сомасы 7 350 теңге. 5 шілдеде Жаркенттен Алматы қаласына келген. Сомасы – 7 350 теңге. 15 тоннадан артық жүк артатын көлікке барлығы 15 мың теңге шыққан», деп ведомство өкілдері жауап берді.