Еліміздегі ең көне театрлардың бірі – Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының негізі 1935 жылы қаланған. Қазақстанның басқа қалаларында қуыршақ театрлары кейінірек 80-жылдары құрылса, 85 жылдық тарихы бар қуыршақ театрының жүздеген пьесасы бар.
Ел індеттен аман кезде, апта сайын Алматының кішкентай көрермендері әртістердің тынымсыз еңбегінің арқасында халық ертегілерімен танысып отырды.
«Былтыр театрлардың карантинге жабылатыны туралы естігеннен кейін біз жұмысты қайта форматтап, спектакльдерді тікелей эфир мен жазбалар арқылы көрсете бастадық. «Алматы» телеарнасы қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде оннан астам спектакль түсірілді. Театр директоры Талғат Есеналиевтің басшылығымен жаңа онлайн-форматты меңгердік. Түсірілген жазбалар арқылы спектакльдердің бейнемұрағаты пайда болды», дейді қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Ақжарқын Сәрсенбек.
Өнер адамдары театрдың шектеу шараларынан қажығаны байқалады. Өйткені көрермендер шығармашылық үдерістерді тірідей көруі керек. Оның үстіне, қуыршақ театрының репертуарында әрбір жас алматылық көруі тиіс 30-дан аса спектакль бар. Індет кезінде актерлер жаңа форматта 15 бағдарлама құрып, ертегі мен қуыршақтардың қалай жасалатынын тікелей эфирде айтты. Қазіргі уақытта театр труппасының бір бөлігі демалыста, актерлердің жартысы жұмыс істейді. Бұл ретте театр ұжымы көрермендердің жиналуын, жанды эмоциялар мен қолдаулардың болғанын қалайды.
«Мен вакцинаға саналы түрде келдім. Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ұлымның қоңырауынан кейін бірден екпе алдым. Баламның досының әкесі коронавирус инфекциясынан қайтыс болған екен. Мен балаларым мен немерелерімнің алаңдағанын қаламаймын. Сол үшін №7 клиникаға тіркеліп, 4 сәуірде вакцинаның бірінші компонентін алдым. 21 күннен кейін екінші вакцинаны алдым. Жанама әсерлер болған жоқ, тек инъекция орны сәл ауырды. Ресми ақпаратқа сену керек. Вакцина алмас бұрын, ол туралы ресми ақпаратты оқыдым. Халқының барлығы вакцина алған Израильге қараңыз, АҚШ-та ұжымдық иммунитет 70%-ды құрайды. Бізге осы елдерден үлгі алу керек», деді Алматы қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі.
Вакцинаны қуыршақ театрының қоюшы режиссері Қабдыл Еркебұлан да қолдайды. Ол вакцинаның бірінші компонентін 19 сәуірде алды. Кейінірек екінші компонентті алды. Режиссердің айтуынша, онлайн жұмыс театр өміріне тән емес. Қабдыл Еркебұланның айтуынша, театр жұмыс істеуі керек, актерлер жұмыс формасында болуы керек, көрермендер өнерді сағынып жүр. Дәл осы себептерге байланысты вакцина қажет.
«Біріншіден, ол отбасының қауіпсіздігі, денсаулығы үшін екпе алды. Екіншіден, біз, театр қызметкерлері, күн сайын бір-бірімізбен байланыста боламыз әрі бір-біріміз үшін қауіпсіз болуымыз керек. Үшіншіден, театрға көрермендер келеді, олардың көпшілігі балалар. Менің ойымша, біз өз көрермендерімізді қорғауымыз керек. Гоголь көшесіндегі емханада екпе алдым, себебі бұл жұмыс орнына жақын болды», деді ол.
Театрға актерлер өздері шақырған екпе тобы барған, содан кейін басқа қызметкерлер вакцина алды. Вакцинаны театр әртісі Руслан Әбу 5 сәуірде алды. Актер өзінің жұмысына құштар екенін айтты. Ол театр әлемінің қалыпты жағдайға оралуын, көрермендердің қойылымға алаңсыз келгенін қалайды.
«Бүгінде вакцинаға күмәнданатындар көп, бірақ бұл – өзіңізді және айналаңыздағыларды қорғаудың жалғыз тәсілі. Біздің театрда актерлердің 90%-ы екпе алды. Бұл таңдауда біз бір-бірімізді қолдадық. Біз аурудың тасымалдаушысы болғымыз келмейді», дейді Руслан Әбу.
Ұзақ мерзімді шектеу шараларынан кейін театр қызметкерлерінің басты қорқынышы – қойылымдардың болмауы. Бірақ труппаның көптеген жоспарлары бар, ал вакцина бұл ауруға қарсы тұрады. Актерлер қала тұрғындары өз денсаулығы үшін вакцина алады деп сенеді.
АЛМАТЫ