• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Шілде, 2021

Ұлттық банк валюталық интервенцияға дайын

344 рет
көрсетілді

Сарапшылар болса теңгенің ендігі тағдыры не болады деген мәселеге алаңдай бастады. Валюта бағамының еркін айналымға жіберілгеніне бірнеше жыл болды. Бірақ Ұлттық банк анда-санда болса да интервенция жасап теңгені «құтқарып» қалып жүр. Бұл жолы да төл теңгеміз Ұлттық банктің көмегін қажетсініп отырғаны белгілі болып қалды. Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов мереке күндері сыртқы нарықтардағы ахуал қалай дамыды және демалыс күндерінен кейін теңгенің динамикасына қандай факторлар әсер етткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Бас банк өкілінің айтуынша, ұзақ демалыс күндерінен кейін теңгенің әлсіреуіне шетелдегі оқиғалар, атап айтқанда, мұнай өндіруші елдер өкілдерінің мұнай өндіру деңгейі туралы келіссөздері әсер етті.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки 6 шілдедегі брифинг барысында АҚШ билігі жоғары деңгейдегі басшылықты ұстап отырғанын мәлімдеді. Сауд Арабиясы мен БАӘ өкілдерімен консультациялар, ОПЕК мүшелері және оның серіктестері қол жетімді бағамен сенімді энергиямен қамтамасыз ете алады деген үміт бар. Осы хабарламаның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 77,8 доллардан 74,13 долларға дейін құлдырап, күндізгі 5 пайыздық құлдырауды көрсетті.

«Инвесторлардың дүниежүзілік тәуекелдік деңгейінің төмендеп кетуі теңгеге қысымды күшейтіп отыр. Атап айтқанда, Ковид-19 дельта штамының таралуы туралы алаңдаушылық күшейіп, кейбір елдер карантиндік шараларды қайтадан күшейтуге мәжбүр. Біздің негізгі сауда серіктестеріміздің валютасы - Ресей рублі осы аптаның басынан бері 1,6% әлсіреді. Мұнайдың құбылмалы бағалары, жаңа штамдардың таралуы және Ковид-19 пандемиясы валюталарға, соның ішінде теңгеге қысым жасауды жалғастыруда. Ұлттық банк сыртқы нарықтардағы ахуалды бақылауды жалғастыруда, тұрақсызданған және алып-сатарлық ауытқулар болған жағдайда, валюталық интервенциялар жүргізу құқығын өзіне қалдырады», деді Нұржан Тұрсынханов.