• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2021

Мысыр билігі туристер санын арттыруға рұқсат берді

449 рет
көрсетілді

Мысырдың министрлер кабинеті республиканың қонақүйлері мен ойын-сауық орындарының толу нормасын қайта қарап, оны төрттен бірге арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті қаулы 6 шілдеде премьер-министр Мұстафа Мадбулидің төрағалығымен өткен үкімет отырысында қабылданды. Құжат мәтініне сәйкес, қонақүйлер, дәмханалар, мейрамханалар мен кинотеатрларға жалпы орындардың 50 пайыздан 70 пайызға дейін толтыруға рұқсат етіледі.

Мысырдың туризм министрі Халед Әл-Ананидің айтуынша, коронавирустың алдын алу бойынша бірқатар шараларды енгізгеннен кейін шектеулерді кезең-кезеңімен алып тасталды. Мысалы, бұған дейін Мысырдағы қонақүй қызметкерлерін вакцинациялау бағдарламасы басталды және эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін қонақүй секторын мұқият бақылау ұйымдастырылды.