• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2021

Ақтоты Райымқұлова Сатыбалды Нарымбетовтің отбасына көңіл айтты

372 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін қазақ кинематографиясы орны толмас қазаға ұшырады. Кино мен əдебиетте өзіндік суреткерлік əлемін қалыптастырған, қазақ киносына тамаша туындылар тарту еткен Сатыбалды ағамыз келместің кемесіне мініп арамыздан кете барды.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан кинорежиссёр, жазушы, «Құрмет» орденінің, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, Франция кино академиясының Жорж Садуль атындағы тəуелсіз сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Əр фильмі мен шығармасы арқылы сол заманның тыныс-тіршілігін, ауанын жеткізуге тырысатын мэтрдің асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», деді министр Facebook-тегі парақшасында.