• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2021

Алматыда тауда жоғалып кеткен қыз табылды

799 рет
көрсетілді

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті оның Үлкен Алматы өзені аумағынан 8 шілдеде сағат 10.56-да табылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«8 шілде күні сағат 10:56 минутта Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне республикалық жедел- құтқару жасағынан Үлкен Алматы көлі аумағында хабарсыз кеткен Әлия Қамиеваның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жеткізу қажет болды. Департамент ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшуын ұйымдастырды», деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың максималды күштер мен құралдары жіберілді. Атап айтар болсақ, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық есептер, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер.