Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жұмагелді Жолдыбайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Қызмет жолында Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, БҚО көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші, бас маманы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар, туризм және лицензиялау бөлімінің бастығы, осы басқармада өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы, БҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылдан «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық даму және инвестициядан кейінгі сүйемелдеу департаментінің директоры болды.