• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2021

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылады

212 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш стансасына «Наука» жаңа зертханалық модулін ұшыру мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқоңыр ғарыш айлағының № 200 ұшыру алаңынан бортында «Наука» модулі бар «Протон-М» зымыран-тасығышының старты 2021 жылғы 21 шілдеде, жергілікті уақыт бойынша сағат 17:58-ге (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:58:21) белгіленген. Ұшырудың резерв уақыты -  22 және 23 шілде.

Бастапқыда ұшыру 15 шілдеге белгіленген, алайда ұшар алдындағы жұмыстардан кейін «Наука» модулі монтаждау-сынау корпусына қайтарылып, ұшыру бір аптаға кейін қалдырылды.

Ресейлік ақпарат құралдары ұсынған мәліметке сүйенсек, ұшыруды кейінге қалдыру себебі - мамандардың құрастыру кезінде жұлдыз сенсорларын экран-вакуумды жылу оқшаулағышпен жабуды ұмытып кетуінде.

«Наука» модулінің ХҒС-қа ұшуы 8 тәулікке созылады, оның «Звезда» қызметтік модуліне қосылуы 29 шілдеге белгіленген.

«Наука» зертханалық модулі пайдалануға берілгеннен соң, ХҒС-тың ресейлік сегменті қосымша жұмыс орны мен жүк сақтау, су мен оттегіні регенерациялайтын аппаратура орналасатын орынды иеленеді. Яғни ғарышкерлердің жағдайы жақсарып, ХҒС экипажының қауіпсіздігі күшейе түседі.