Оқыс оқиға Алматы қаласы Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Отбасылық жанжал кезінде әйелі күйеуіне қарсы суық қару, яғни пышақты қолданған. Куәгерлердің айтуынша, әйел қылмыс орнынан қашып кетуге тырысқан. Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті қылмыстық жауапқа тартылады. Анықталғандай, жанжал кезінде ерлі-зайыптылар мас болған.