• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Ақтөбеде жанжалдасқан ерлі-зайыптылар ауруханаға түсті

147 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 66 жастағы отағасы 60 жастағы әйеліне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Зейнеткерлер арасындағы жанжал кезінде зардап шеккен қария облыстық медицина орталығына түсті. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық 17 қылмыстық іс тіркелген. Учаскелік полиция инспекторлары 2 590 қорғау нұсқамасын шығарды, соттар құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына 701 ерекше талап қойды. Оның ішінде 564 құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдікті пайдалануға тыйым салынды.