• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 09 Шілде, 2021

Мәулен Әшімбаев: БҰҰ-мен тығыз байланыс орнату – Қазақстанның басым бағыттарының бірі

158 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының төрағасы Волкан Бозкырды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ-мен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара тығыз байланыс орнату - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Бүгінде Қазақстанда ұйым бөлімшелерінің 27 өкілдігі жұмыс істейді», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде іске асырылып жатқан маңызды саяси және демократиялық реформаларға тоқталып өтті. Кездесуде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері де талқыланды.

Сенат төрағасының айтуынша, биылғы жылдың басында аталған мақсаттардың индикаторларын ұлттық мүддеге сәйкестендіру аяқталған.