• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Шілде, 2021

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

209 рет
көрсетілді

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 61 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымның 30-да Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны, 31 жастағы әйел хабарласып, 1960 жылы туған әкесі Болатбек Қорғанбекұлы Батталовты іздеп табуға көмек сұраған. 

Ер адамды іздеу жұмысына Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамынан 20 адам, Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 5 адам, 15 волонтер, 40 курсант және 8 техника жұмылдырылды. 

Центральный, Васильковка шағынауданындағы пәтер иелерінен сұралып, бейнежазба камераларындағы жазбалар тексерілді.

«Іздестіру жұмысының нәтижесінде ер адамның денесі 9 шілде сағат 10:00 шамасында Көкшетау қаласынан әуежайға барар жолдағы орман алқабынан табылды. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», деді ведомстводан. 

Айта кетсек, осыған дейін Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адамға іздеу жарияланған болатын.