Мәскеуде 13 жастағы жасөспірім жаңа туған қарындасын жетінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасөспірім аутизмге шалдыққан. Қайғылы оқиға орын алған кезде балалардың әжесі шкафтағы киімдерді реттеп жатқан, ал анасы ванна бөлмесінде болған.
Жаңа туған шақалақ ас үйде төсекте ұйықтап жатқанда ағасы су ішу үшін ас үйге барып жүріпті.
Анасы жуынатын бөлмеден шыққанда нәрестесін төсегінен таппай қалған.
Үлкендер қызды іздеу кезінде, оны терезеген лақтырып жібергенін білген.