• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2021

Вакцинация құжатын қолдан жасағандар сотталды

860 рет
көрсетілді

Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация құжаттарын қолдан жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда екі жеке медициналық орталықтың «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталған.

Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін ұйымдастырған. Кейін «Сұңқар» медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тестілерінің нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді.

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасуда.