Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан жеті адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Қаза тапқан адамдар санында өзгеріс болуы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбіде Ауғанстанның 1TV телеарнасы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, оқиға жұма күні таңертең болған, құрбандар туралы ақпарат бірнеше күннен кейін ғана жарияланған.
Ал TOLOnews телеарнасы медицина қызметкерлеріне сілтеме жасап, Гильменд провинциясындағы Лашкаргах қаласында жол бойында болған тағы бір мина жарылысы туралы хабарлайды. Оның айтуынша, төрт бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған.