• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Шілде, 2021

Шымкенттегі «Фосфор» емханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде

405 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасы жұмысын инфекциялық стационар ретінде жалғастыруда. Қазір медицина мекемесінде ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастар емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов 250 орынды медицина мекемесін аралап, инфекциялық стационардың жұмысымен танысты.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы қамтылған.

Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.